Компания туралы

«ҚазмұнайгазҒЗЖИ» тарихы

Институттың өмірбаяны Маңғышлақ мұнай кен орындарын ашудан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының мұнай өндіру саласының даму тарихымен органикалық байланысты. Оның еңбегімен Қазақстан Республикасының ұлттық байлығының маңызды бөлігі құрылды.

1970 ж.
«Қазақ мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты» Жауапкершілігі шектеулі серітестігі («ҚазмұнайгазҒЗЖИ» ЖШС) 1970 жылдан бастап жұмыс істейтін «ҚазНИПИнефть» аумақтық ғылыми-зерттеу және жобплау институтының базасында құрылды.
2000 ж.
2000 жылы Маңғыстау облысы әкімінің 2000 жылғы 17 шілдедегі № 456 шешіміне сәйкес «НИПИмунайгаз» ААҚ «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» ААҚ болып қайта құрылды.
2002 ж.
2002 жылы «Қазақ мұнай және газ институты» жабық акционерлік қоғамын құру туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1346 қаулысына сәйкес, «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» ААҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ-ның жарғылық капиталына берілді.
2004 ж.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына және ағымдағы жарғысына енгізілген сәйкес өзгертулерге сәйкес 2004 жылғы 29 қазандағы әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуден бері «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» ААҚ «Қазақ мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамы («ҚазмұнайгазҒЗЖИ» АҚ) деп аталды.
2014 ж.
2014 жылдың қазан айынан бастап «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» АҚ 100% қатысу үлесіне ие Жалғыз акционер - «ҚазМұнайГаз» өндірістік және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты (ҚМГ ӨБТ ҒЗИ).
2018 ж.
Бүгінде Ақтау қаласындағы «ҚМГ ӨБТ ҒЗИ», «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» АҚ филиал ЖШС Қазақстанның мұнай-газ саласының жетекші ғылыми-зерттеу және жобалау институттарының бірі бола отырып, Қазақстанның ең ірі мұнай-газ өндіру және прогрессивті ұлттық компаниясы - «ҚазМұнайГаз» құрамына кіреді.

Институт халықаралық және мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес кез-келген кен орнын барлаудан бастап, барлық кезеңдерде ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізетін бірыңғай инженерлік-ғылыми ұйым болып табылады.

Ақтау қаласындағы «ҚМГ ӨБТ ҒЗИ» ЖШС, «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» АҚ филиал әртүрлі зерттеулер мен әзірлемелерді жүзеге асырады: геологиялық барлау жобалары, мұнай, газ және конденсат қорларын есепке алу, ЦИН техникалық-экономикалық негіздемесі, мұнайгаз кен орындарын игерудің барлық кезеңдерінде жобалау, жобалық қадағалау, кен орындарын игерудің геологиялық далалық талдауы, құрлықтағы және теңіздегі мұнай-газ кен орындарын игерудің техникалық-экономикалық негіздемесі, ұңғымалардың құрылысын жобалау және құрылысқа авторлық қадағау жүргізу, мұнай-газ өндіру тасымалдау, жинау және өңдеу технологиясы саласында ғылыми-зерттеу және инжинирингтік қызметтер, экономикалық зерттеулер, жобалар құрастыру, алдын ала ҚОӘБ мен ҚОӘБ жобаларын дайындауға, мұнай саласын дамыту бойынша бағдарламаларды әзірлеу.

Қазақстан Республикасының халықаралық стандарттау жүйесіне интеграциялану үрдісін және ұлттық және халықаралық стандарттар ережелерін жобалау және ғылыми әзірлемелерді ескеру қажеттілігін ескере отырып, 2005 жылдың қарашасында мұнай-газ кен орындарына арналған ғылыми-зерттеу құжаттамасын әзірлеу саласындағы сапа менеджменті жүйесі TÜV NORD CERT(Германия) сертификациялау органымен сертификатталды.

Қазіргі уақытта Ақтау қаласындағы «ҚМГ ӨБТ ҒЗИ» ЖШС, «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» АҚ филиал халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестік сертификаттары бар: ISO 9001: 2015, ISO 14001: 2015, OHSAS 18001: 2007 TÜV NORD CERT (Германия).

Институтта СМЖ процестері анықталған (тұтынушылармен байланысты процестер, жобалау және әзірлеу, сатып алу және т.б.). Оларды орындау реті және өзара әрекеттесу тәртібі белгіленген. Өнімділік көрсеткіштері анықталған және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және өнімдер мен процестерді үздіксіз жақсарту үшін СМЖ процестерін бақылау, өлшеу және талдау жүзеге асырылады.

Ақтау қаласындағы «ҚМГ ӨБТ ҒЗИ» ЖШС, «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» АҚ филиалы сапа менеджментінің тиімді жүйесі – бұл институттың ғылыми-зерттеу қызметіндегі кемшіліктерді анықтайтын және оларды күштілерге түрлендіретін өзін-өзі жетілдірендіріп отыратын құрал. Бұл үздіксіз жүйелі даму құралы.

40 жылдан астам уақыт жинақталған ғалымдар мен мамандардың жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті мен мол тәжірибесі мұнай-газ кен орындарын кешенді игерудің күрделі ғылыми және жобалық мәселелерін шешудің қазіргі заманғы деңгейінің кепілі болып табылады.

Институттың айтарлықтай ғылыми әлеуеті бар. Институтта ғылым докторлары, кандидаттары және аспиранттар жұмыс істейді. Ақтау қаласындағы «ҚМГ ӨБТ ҒЗИ» ЖШС, «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» АҚ филиал қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мұнай және кен орындарын әзірлеу жөніндегі орталық комиссия мүшелері, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қорлар бойынша Мемлекеттік комиссияның сарапшылары болып келеді.

Жыл сайын барлық деңгейдегі мамандар алыс және жақын шет елдерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерінен білім алады, халықаралық, республикалық, облыстық және институттық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсене қатысады. Институт қызметкерлердің құзіреттілігін растау мақсатында қызметкерлердің біліктілігін бағалау жүргізіледі және олардың біліктілігін жоіарылату жөнінде шаралар қабылданады.

Бүгінде Ақтау қаласындағы «ҚМГ ӨБТ ҒЗИ» ЖШС, «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» АҚ филиалы – тек ішкі ғана емес, сыртқы нарықтарда да кең ауқымды қызмет түрлерін ұсынып отырған, түрлі қазақстандық және шетелдік мұнай компанияларымен табысты бірге қызмет жасайтын қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын.

Ақтау қаласындағы «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» «ҚМГ ӨБТ ҒЗИ» ЖШС Филиалы
+7 (7292) 470-222