Компания туралы

Ғылыми-техникалық қызмет

«ҚазмұнайгазҒЗЖИ» АҚ - бұл ғылыми және инженерлік комапния, оның қызметінің негізні бағыты мұнай-газ секторында ғылыми және инженерлік қызметтерді ұсыну болып табылады.

Институттың ғылыми-техникалық қызметі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобына арналған ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын (ҒЗЖ және ПІЖ) жүргізуге бағытталған.

Ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының негізгі міндеттері - мұнай мен газдың өндірісі мен қорын ұлғайту, кен орындарына кететін шығындардың тиімділігін арттыру.

Институттың жүзеге асырған ең ірі ғылыми жұмыстары:

  • Өзен, Жетібай, Қаламқас, сондай-ақ Оймаш, Арман, Ақсай, Тасболат, Шығыс Құмкөл сияқты ірі кен орындарына арналған қорлар есептеуі мен техникалық-экономикалық негіздеме;
  • Жоғарыда аталған кен орындарын игеру жобалары (Қаламқас, Жетібай, Өзен, Арман);
  • Мына кен орындарын игерудің технологиялық сұлбалары: Теңге, Тасболат, Шығыс Құмкөл,Северное Придорожное, Шығыс Жағабұлақ, Кеңлік, Ақтас, Толқын, Қарағанды;
  • Өріктау кен орнының, Толқын газконденсатты кен орнының, Тепловско-Токаревская кен орнындары топтарының және т.б. газ мұнай жұлындылары бар газ конденсатты кен шоғырларын тәжірибелік-өндірістік пайдалану жобалары;
  • Әуезов кен орындарындағы бағалау жұмыстарының жобасы, Нарын кен орнындағы барлау жұмыстары;
  • Қаламқас кен орнында су-газ бен әсер ету технологиясын сынау бойынша пилотәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстардың технологиялық схемасы;
  • • «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 10 ұңғымасындағы жынысөзекті негізгі және арнайы зертханалық зерттеулер.

Институттың жүзеге асырған ең ірі ғылыми жобалау-ізденістік жұмыстары:

  • Қазақстанның мұнай өнеркәсібін дамыту бағдарламасы;
  • Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңізден мұнай өндіру инфрақұрылымын дамытудың бас жоспары;
  • KSKM (қолдау базалары, теңіз кемелерін құю станциялары, бұрғылау қалдықтарын көму және теңіздегі мұнай операцияларын пайдалану) инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары бойынша жұмыс жобаларын әзірлеу;
  • Нұрсұлтан, Ракушечное море, Ұлытау құрылымдарындаңы теңіз жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесі;
  • Тепловское, Западно-Тепловское, Гремяченское, Шығыс Гремяченское, Токаревское, Цыгановское, Ульяновское, Каменское мұнай және газ конденсатты кен орындарын жайғатыру;
  • Мына жұмыс жобаларын әзірлеу: Тепловское және Западное Тепловское кен орындарында мұнай мен газды ішкі кәсіптік жинау жүйесі; Западно-Тепловское кен орнындағы МДҚ және ГКДҚ;
  • Газды тазарту қондырғысынан - Западно-Тепловское ГКДҚ бастап Оренбург-Новопсков магистральдық газ құбырына дейінгі тауарлық газды коммерциялық өткізу бекеті бар газ құбыры:
  • Батыс Тепловское кен орнында құбыр тасымалымен тауарлық мұнайды жеткізу бойынша тауар тасымалдау операцияларының терминалы;
  • Тепловское және Западное кен орындарының инфрақұрылымы.

Институт қызметкерлерінің ғылыми еңбектері ЖАК ұсынған республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда және конференция, симпозиумдар материалдарында және т.б. үнемі жарияланады. Соңғы үш жыл ішінде ғылыми дәрежеге үміткерлер мен институт мамандары 200-ден астам ғылыми мақалалар жарияланды.

Институт қызметкерлері сонымен қатар патенттік зерттеулермен айналысады, мынау олардың кейбіреулері:

  • Қоюлатылған сумен тұтқыр майды итеріп шығару арқылы кен орнының өнімді қабатын игеру (№ 27509 өнертабыс инновациялық патенті);
  • Мұнай-газ және газ кен орындарының өнімді қабатына селективті әсер ету тәсілі (№ 27510 өнертабыс инновациялық патенті);
  • Мұнайгаз кен орнының өнімді қабатын су және газбен әсер ету технологиясын қолдау арқылы игеру тәсілі (№ 27065 өнертабыс инновациялық патенті);
  • Су және газды эмульсиядан және жол-жөнекей ағын судан қышқыл газдарды (H2S CO2) алу әдісі және оны іске асыру ға арналған құрылғы (№28070 өнертабыс инновациялық патенті);
  • Мұнай-газ кен орыны игеру кезінде резервуардың қысымын оңтайландыру әдісі (№ 28081 өнертабыс инновациялық патенті);
  • Азотпен байытылған ауаны өндіру тәсілі (№ 28684 өнертабыс инновациялық патенті);
  • Көлденең тартылған қақпағы бар цилиндрлік пішіндегі, тік, жерге орнатылатын болат резервуар (№28676 өнертабыс инновациялық патенті) және т.б.

«ҚазмұнайгазҒЗЖИ» АҚ ғылым мен білім беруді дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Соңғы кездері ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығышылық елеулі түрде өсті. Бұған жас ғалымдарға көрсетілетін тек моральдық қана емес, материалдық қолдау да себеп болып отыр.

Институтта Қоғам Басқармасының шешімімен (22.10.2010 жылы №2 хаттама) бекітліген «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» АҚ жоғары білікті кадрларын дайындау бағдарламасы» табысты іске асырылуда. Бағдарламаның мақсаты ғылыми кадрларды тиімді тарту және дайындау үшін жағдайлар жасау, жастарды ғылым саласында бекітіп қалдыру және институтта ұрпақтар сабақтастығын сақтау.

Төмендегі компаниялармен ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау:

  • А.П.Крылова атындағы ВНИИнефть институты;
  • И.М.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ университеті;
  • ФГБОУ ВПО «Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті»
  • Уфа мемлекеттік мұнай тезхникалық университеті;
  • SOCAR «Нефтегаз» ҒЗЖИ;
  • Азербайжан мемлекеттік мұнай академиясы;
  • Азербайжан мемлекеттік мұнай академиясы жанындағы геолгия институты;
  • Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  • Ш.Есенов атындағы мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

Сырттай аспирантура мен докторантурада институттың 18 қызметкері оқиды. Бағдарламаны іске асыру барысында 7 қызметкер кандидаттық диссертация және философия докторы ғылыми дәрежесіне (PhD) үміткерлікке диссертация қорғады.

Ақтау қаласындағы «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» «ҚМГ ӨБТ ҒЗИ» ЖШС Филиалы
+7 (7292) 470-222