Корпоративтік басқару

Жалғыз қатысушы

Ақтау қаласындағы «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» «ҚМГ ӨБТ ҒЗИ» ЖШС филиалдын жалғыз қатысушысы 2014 жылғы 12 наурызда құрылған «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС («ҚМГ» ӨБТ ҒЗИ ЖШС) болып табылады.

«ҚМГ» ӨБТ ҒЗИ ЖШС Жалғыз қатысушысы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ болып табылады.

«ҚМГ» ӨБТ ҒЗИ ЖШС мына қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • Мұнай және газ ресурстарын дамыту, мұнай және газ өнеркісібін кешенді дамыту стратегияларын, қалпына келтіру және одан әрі кеңейту қарқынын ғылыми негіздеу, Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібін, оның ішінде мұнайгаз инфрақұрылымын дамытудың салалық және салааралық бағдарламаларын әзірлеу, мұнайгаз саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу, өңірлер, аумақтар бойынша мұнай, бос және еріген (ілеспе) газ ресурстарын геологиялық – экономикалық бағалау,әлемдік мұнай және газ нарығы үрдістерін және болжамдарын зерделеу.
  • Ғылыми-техникалық қызмет, оның ішінде жер қойнауын бұрғылау (құрлықта және теңізде), геологиялық зерделеу, мұнай және газ кен орныдарын игеру, мұнайды, газды және ілеспе құрамдарды өндіру саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар
  • Ғылыми-техникалық, оның ішінде көмірсутек құрамды қабаттарды қазу және мұнай өнімділігін арттыру, мұнай мен газды тасымалдауға бастапқы дайындау, экология және табиғатты пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, технологиялық жабдықты жаңартуға, өндіріс процестерін оңтайландыруға бағытталған зерттеулер, жобалар алдындағы және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, қабылданған жобалық шешімдердің іске асырылуына авторлық, техникалық қадағалау және бақылау жүргізу, суревайзерлдік қызмет, бұрғылау, мұнай және газ кен орындарын, мұнай мен газды магистральдік тасымалдау объектілерін игеру және жайғастыру бойынша жобалау-ізденіс жұмыстары, көмірсутектерді барлау, игеру, өндіру, өңдеу, іске асыру, тасымалдау бойынша мониторинг (оның ішінде технологиялық), мұнайгаз құбырлары және мұнайгаз кәсіптік инфрақұрылымы, мұнай өңдеу өндірістерінің құырылысын жобалау, салу, пайдалану, әртүрлі өндірістерге, ғимараттар мен құрылыстарға арналған сейсмикалық бақылау бекеттеріндегі мониторинг, мұнайгаз жобаларын әзірлеу, бұрғылау, геология, игеру, мұнайгаз өндіру техникасы және технологиясы бойынша маркетингтік және инвестициялық зерттеулерді дайындау және әзірлеу жөнінде консалтингтік және техникалық қызметтер.

«ҚМГ» ӨБТ ҒЗИ ЖШС (ҚМГ) байланысу ақпараты:

Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қ., Есіл ауданы,
Қабанбай батыр даңғылы, 19, Б блогі
+7 (7172) 559-799
http://www.niikmg.kz
info@niikmg.kz

Ақтау қаласындағы «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» «ҚМГ ӨБТ ҒЗИ» ЖШС Филиалы
+7 (7292) 470-222